Бухгалтерлік проводкалар
- В наличии
- Код: 00000000656
2 700 ₸
- +7 (727) 390-21-75
- +7 (727) 375-51-33
- +7 (727) 390-19-96
Аталған бухгалтерлік проводкалар ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. № 185 бұйрығымен бекітіліп, қолданылатын есеп жүйесінің түріне қарамастан, республика аумағындағы ҚР барлық ұйымдары (бюджеттіктен басқалары) үшін 1 – қаңтар 2008 – жылдан бастап қолданысқа енгізілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес жасалған. Осы құжат қолданықа енгізілген уақыттан бастап төмендегі құжаттардың күші жойылады: – «Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» ҚР ҚМ 18.09. 2002 ж. № 438 бұйрығы; – «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (негізгі) бекіту туралы» ҚР ҚМ 22.12. 2005 ж. № 426 бұйрығы. Бухгалтер жұмысының қиын қырлары аз емес, ал ең қиыны – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында қатесіз көрсете білу. Дәл осы жұмысты орындау үшін жинақ Сізге көмекші бола алады. Бухгалтерлік проводкаларды дұрыс жасау бухгалтерлер үшін аса қажет болғандықтан, аталған жинақ ең алдымен бухгалтерлерге, бухгалтерлерді дайындайтын курстардың тыңдаушыларына, экономикалық мамандық алатын студенттерге және басқа да қызығушылық білдірген тұлғаларға арналған.
Основные | |
---|---|
Страна производитель | Казахстан |
- Цена: 2 700 ₸